Педагог психолог Баранбаева Айгуль Сериковнадан кеңес.

· Баланы балабақшаға алдын-ала дайындау керек.

· Балаңызға ғимаратты, ол орналасқан топтың терезелерін, серуендеуге арналған алаңын көрсету қажет. Тәрбиешілермен танысыңыз. Егер бала алғашқы сапарға дейін олардың аттарын білсе жақсы. Ұлыңызға немесе қызыңызға назар аударыңыз, «барлық балаларды кешке ата-аналар үйге алып кетеді, түнде ешкім қалмайды», деп айтуыңыз қажет.

№11 «Гауһар» балабақшасының шағын орталығын
ересектер және мектепалды даярлау топтарының ағылшын тілі іс-әректінің алғашқы дағдылары

Біздің шағын орталықта мектепке дейінгі жастағы балаларға ағылшын тілін үйрету барысында олардың қызығушылықтарын оята отырып, ағылшын тілінде ауызша сөйлеудің алғашқы дағдыларын қалыптастырамыз. Ағылшын тілін оқытып, үйрету ісін жаңа талаптарға сай жетілдіріп, балалардың ағылшын тілінде сөйлеп, өз ойын дұрыс жеткізу дағдыларын жаңа технологиялар арқылы уйретіледі. Балаларға меңгерілетін білім-дағдылар, ойын-тапсырмалар, оқылатын әдеби шығармалар олардың жас даму ерекшелігіне сәйкес болып қарастырылған.