№11 «Гауһар» балабақшасының шағын орталығын
ересектер және мектепалды даярлау топтарының ағылшын тілі іс-әректінің алғашқы дағдылары
Біздің шағын орталықта мектепке дейінгі жастағы балаларға ағылшын тілін үйрету барысында олардың қызығушылықтарын оята отырып, ағылшын тілінде ауызша сөйлеудің алғашқы дағдыларын қалыптастырамыз. Ағылшын тілін оқытып, үйрету ісін жаңа талаптарға сай жетілдіріп, балалардың ағылшын тілінде сөйлеп, өз ойын дұрыс жеткізу дағдыларын жаңа технологиялар арқылы уйретіледі. Балаларға меңгерілетін білім-дағдылар, ойын-тапсырмалар, оқылатын әдеби шығармалар олардың жас даму ерекшелігіне сәйкес болып қарастырылған.
Тәрбиеленушілерге ағылшын тілі уйретуде ойын түрлерін қолданып, әуендік-үн ырғақтарды қолданып ең тиімді тәсілдің бірі екені ескерілді. Сонымен қатар ағылшын тілін оқытуда Ұлыбританиядағы «Макмиллан», «Лонгмэн», «Оксфорд» және Ресей Федерациясының «Айрис Пресс» баспалары дайындаған көпдеңгейлі оқулықтарды пайдаланамыз. Мысалы: Макмилланның «Here’s Patch», Лонгмэнның «Pebbles», Оксфордтың «Get Ready», Айрис Пресстің «Games and Activities» оқулықтары. Бұл материалдарда грамматикалық дағдылармен қоса балалардың ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға көп көңіл бөлінеді, аудиоматериалдарды пйдалану жолдары көрсетілген.
Ағылшын тілі мұғалімі А.Саут
Тілді оқимыз ағылшын
Үйренеміз барлығын,
Сөйлемдерді құраймыз,
Қызықты бізге ағылшын.